Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру тәртібін өзгерту ұсынылды
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында цифрлық сервистерді пайдалану арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру тәртібін жетілдіруді көздейді.
Атап айтқанда, "Әлеуметтік әмиян" сервисі, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық рецепттің QR-кодын көрсетіп, дәрі-дәрмек алу мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылып отыр.
Сондай-ақ қағаз рецепт бойынша дәрі-дәрмек беру кезінде пациенттің жеке басын сәйкестендіру тәртібі және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың берілгенін фармацевтика қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау тәртібі регламенттеледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыру:
- халықтың дәрі-дәрмек алуын қолжетімді әрі ыңғайлы етуге;
- дәрілік препараттарды беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге;
- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылау тетіктерін жетілдіруге;
- денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 16 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 1 қазан 2026
Петропавлда рецептсіз дәрі сатып алған жаттықтырушы ұсталды
-
17:10, 1 қазан 2026
Ажар Асхат дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
-
17:06, 1 қазан 2026
Жанәбіловтің ісі бойынша сот отырысы жабық режимде өтеді
-
17:02, 1 қазан 2026
Freedom мен ҚМА дроптарға қарсы іс-қимылдың бірлескен кейсін ұсынды
-
16:59, 1 қазан 2026
Қорықшыларды даярлау қағидалары бекітілді





