Қазақстанда аэротаксилер мен дрондарға арналған ережелер әзірленді
© Фото: unsplash
Көлік министрлігі озық әуе мобильділігі қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларда озық әуе мобильділігіне қатысушылар, олардың қызметін ұйымдастырудың принциптері мен жалпы талаптары айқындалған.
Қалалық әуе мобильділігі операторларына, вертипорт операторларына және техникалық қызмет көрсету ұйымдарына қойылатын талаптар белгіленді.
Сондай-ақ құжатта озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелеріне, оларды пайдалануға рұқсат беру тәртібіне және ұшуға жарамдылығын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылған.
Ұшуларды ұйымдастыру және орындау, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану тәртібі айқындалды.
Инфрақұрылым нысандарына, соның ішінде вертипорттарға, ұшу және қону алаңдарына, сондай-ақ зарядтау инфрақұрылымына қойылатын талаптар белгіленеді. Бұдан бөлек, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне, авиация персоналын даярлау мен біліктілігіне қойылатын талаптар айқындалған.
Құжат 2026 жылғы 24 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды іске асыру мақсатында әзірленді.
Жоба қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 15 қазанға дейін тұрады.
Бұған дейін Қазақстанда аэротакси мен ұшқышсыз авиацияны пайдалануға заңды түрде рұқсат берілгені туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 1 қазан 2026
Астанада жылыту маусымы 2 қазанда басталады
-
15:46, 1 қазан 2026
Португалия құрамасының бапкері Роналдудың наразылығына жауап берді
-
15:34, 1 қазан 2026
Instagram-дағы лайк үшін пышақтаған: БҚО тұрғынына сот үкімі шықты
-
15:21, 1 қазан 2026
Пәтерін тартып алу үшін қарияны ұрлап, азаптаған: Алматы прокуратурасы мәлімдеме жасады
-
15:12, 1 қазан 2026
Қазақстанда 60 жастан асқан қанша адам бар: саны ең көп өңірлер аталды





