Қазақстанда 60 жастан асқан қанша адам бар: саны ең көп өңірлер аталды

15:12, 1 қазан 2026
MKZ: 1569944

© Фото: unsplash

Бүгін, 2026 жылғы 1 қазанда, Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) ел тұрғындары туралы қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың басында Қазақстанда 60 және одан жоғары жастағы тұрғындардың саны 2 923 472 адамға жеткен. Бұл – ел халқының 14,2%-ы.

Оның ішінде:

  • ерлер – 1 163 270 адам;
  • әйелдер – 1 760 202 адам.

Бюроның мәліметінше, 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар саны ең көп өңірлер:

  • Алматы қаласы – 328 385 адам;
  • Түркістан облысы – 216 544 адам;
  • Қарағанды облысы – 212 487 адам;
  • Алматы облысы – 203 499 адам;
  • Астана қаласы – 171 138 адам.

60 және одан жоғары жастағы тұрғындардың 1 894 268-і қалаларда, ал 1 029 204-і ауылдық жерлерде тұрады.

Сондай-ақ бюро деректеріне сәйкес, Қазақстанда жасы 100-ге жеткен және одан асқан 1 323 адам бар.

2026 жылдың екінші тоқсанында 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылғандар саны 465 302 адамды құрады. Ал 2025 жылы зейнетақы алушылар саны 2 415 095 адам болған.

Бұған дейін, 2026 жылғы 30 қыркүйекте, Қарттар күні қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар туралы ерекше статистикалық мәліметтерді ұсынған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!