Жасанды интеллект пен цифрландыру: 2025 жылғы басты жетістіктер

09:20, 30 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай еске салды.

Оның айтуынша, Қазақстанда цифрлық экожүйені қалыптастыру аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасанды интеллект пен цифрландыру саласында қазірдің өзінде ауқымды жұмыс атқарылған.

Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында Президент тапсырмасымен қыруар шаруа атқарылды.

"Жасанды интеллект туралы" Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша, Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді.

Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Сурет: akorda.kz

Президент шілде айында Астанада Аlemcloud ұлттық суперкомпьютерін ресми түрде іске қосты. Қараша айындағы тестілеу нәтижесінде аталған жүйе суперкомпьютерлердің әлемдік TOP-500 рейтингінде 86-орынға ие болды.

"Қазақтелеком" АҚ Алматыға екінші Al‑Farabium суперкомпьютерін жеткізді. Ол жаһандық рейтингте 103-орынға табан тіреді.

"Президент, ең алдымен, білікті мамандар даярлауға баса мән беру қажет деп санайды. Сондықтан елімізде ЖИ саласындағы арнаулы зерттеу университетін құруды ұсынды." Руслан Желдібай

Астанада Alemai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.

Студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы басталды. Сол арқылы қазірдің өзінде 440 мыңнан астам студент ЖИ саласын меңгерді.

Жасанды интеллект саласындағы алғашқы қазақстандық "сыңармүйіз" стартап – Higgsfield AI пайда болды. Бұл да айтулы уақиға.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!