Филиппинде 37 жыл бойы жасырынып жүрген АҚШ азаматы ұсталды
© Фото: freepik
Филиппинде 1989 жылы 7 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген 69 жастағы АҚШ азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, Том Талмадж есімді күдікті 23 сәуір күні Кавите провинциясында ұсталған. Ол соңғы жылдары осы өңірде тұрған. Бұл туралы New York Post басылымы жазды. Құқық қорғау органдары оны ескі іс материалдары мен қазіргі ДНҚ сараптамасының нәтижелерін салыстыру арқылы анықтаған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс АҚШ-тың Флорида штатындағы Хилсборо округінде болған. Күдікті қызды боулинг орталығының маңында көлігіне отырғызып, кейін оған шабуыл жасап, оқиғадан соң босатып жіберген.
Оқиғадан кейін оны жедел ұстау мүмкін болмаған. Ер адам АҚШ-тан кетіп, шамамен 37–40 жыл бойы шетелде жасырынып жүрген. Тергеу деректеріне сәйкес, ол Филиппинде жеке үйде тұрған, алайда сол кезеңдегі қызметі туралы толық ақпарат жария етілмеген.
Қазіргі уақытта оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Талмаджға кәмелетке толмағанға қатысты зорлау, адам ұрлау және басқа да ауыр қылмыстар бойынша айыптар тағылған.
Бұған дейін АҚШ-та ерлі-зайыптының нәрестеге қатысты ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі
-
15:16, 1 мамыр 2026
Сенсациялық жаңалық: Норвегияда викингтер дәуіріне тиесілі ең ірі қазына табылды
-
14:43, 1 мамыр 2026
Синоптиктер сенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай болатынын болжады
-
14:15, 1 мамыр 2026
Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді





