Үсік жүріп, найзағай ойнайды: Қазақстанда 1 мамырда қолайсыз ауа райы күтіледі
© Сурет: pixabay
Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 1 мамырда қолайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы синоптиктер жариялаған болжамнан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр алып келеді. Тек ҚР орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста – шаңды дауыл". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ, келесі өңірлерде:
- Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Қарағанды, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының орталығында оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін миноптиктер мамырдың алғашқы күндеріне болжам жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 30 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады
-
19:29, 30 сәуір 2026
Қазақстандықтар Бішкекте жалған доллармен ірі алаяқтық жасаған: сот үкім шығарды
-
19:13, 30 сәуір 2026
Шымкентте сот көршісін балағаттаған азаматқа 150 мың теңге айыппұл салды
-
18:59, 30 сәуір 2026
3,5 миллиард теңге шығын: Қазақстанда шетелдік инвесторды алдап кетті
-
18:27, 30 сәуір 2026
Қазақстанда медициналық білім беру реформаланады: студенттер үшін не өзгереді





