Алматы облысында картон зауытында өрт шықты

17:25, 30 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан картон зауыты қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ашық жану байқалған.

Белгілі болғандай, өрт өршіп кеткен.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде",- деп мәлімдеді министрлік.

Алдын ала ақпарат бойынша, әкімшілік өкілдерінің мәліметінше, ішінде адамдар жоқ.

Өрт сөндірушілер, 17:20-да қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланғанын жеткізді.

"Оқиға орнында өртті сөндіруге суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Түркістанда өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!