Жас жігіт «Ақтөбе-Атырау» пойызының жолсерігін ұрды

16:19, 20 қазан 2021

© Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Ер адам "Ақтөбе-Атырау" пойызының жолсерігін ұрды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жолаушылар пойызының 51 жастағы жолсерігінен Атырау станциясындағы Желілік полиция бөліміне арыз түсті. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде Мұқыр станциясынан шығарда өзіне таныс емес адамның оған жақындап, дөрекілік көрсеткенін айтты. Ауызша ерегестен кейін жас жігіт жұдырық көтеріп, жолсерікті ұрыпты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Атырау облысының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бапқа сәйкес екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген, деп хабарлады Көліктік ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!