Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.
Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды.
Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.
Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:03, 4 қазан 2026
Қонаевта бес қабатты тұрғын үй шатыры өртеніп, 120 адам эвакуацияланды
-
16:59, 4 қазан 2026
«Көктайғақ болады». Еліміз бойынша 5 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
15:23, 4 қазан 2026
China Open-2026: Александр Бублик финалға өте алмады
-
15:00, 4 қазан 2026
Ем-шара зияны: соңғы екі жылда пациенттерге 500 млн теңгеден астам сақтандыру төлемі төленді
-
15:00, 4 қазан 2026
Соңғы екі жылда пациенттерге 500 млн теңгеден астам сақтандыру төлемі төленді









