Дауыл, жаңбыр, қар және тұман: 4 қазанда қай өңірлерде ескерту жасалды
© Фото: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Кей жерлерде жаңбыр мен қар, найзағай, бұршақ, тұман және көктайғақ болжанса, бірнеше облыста желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 3 қазан 2026
Алматының су шаруашылығы басқа компанияға берілмейді – «Алматы Су»
-
18:45, 3 қазан 2026
«Алматы Су» су құбыры мен кәріз жүйесінің басқа компанияға берілетінін жоққа шығарды
-
18:17, 3 қазан 2026
Алматыда алғаш рет аударыспақтан «QASQYR CUP» турнирі өтті
-
17:44, 3 қазан 2026
Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
-
17:33, 3 қазан 2026
Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды





