China Open-2026: Александр Бублик финалға өте алмады

15:23, 4 қазан 2026
MKZ: 1570415

© Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Бейжіңдегі ATP-500 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Александр Бублик пен қытайлық Шан Цзюнчен 4:6, 4:6 есебімен нидерландтық Сандер Арендс пен Давид Пельге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық-қытайлық жұптың жартылай финалға дейін жетуінің өзі сенсацияға баланады. Рейтинг бойынша олар Қытай Ашық чемпионатына қатысушылар қатарына алынбаған болатын. Алайда ұйымдастырушылардан арнайы шақыру (уайлд-кард) алған олар финалға да шығып кете жаздады.

62 минутқа созылған матчта Нидерланд жұбы жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 6:4. Жеңімпаздардың ұтыс ұпайлары бойынша басымдық айқын байқалды – 64:42.

Күні кеше әйелдер арасындағы China Open-2026 жарысынан Елена Рыбакина шығып қалды. Екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы 188-орындағы ойыншыға есе жіберді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!