Қазақстанға Оман cұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді

10:00, 4 қазан 2026
MKZ: 1570387

© Сурет: Ақорда

5-6 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады".

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!