Жылаған бала, таяқ жеген әйел, үріккен көршілер: Талдықорғанда ер адам ұсталды
© Сурет: instagram/zhetysu.police
Талдықорған қаласының тұрғыны күйеуі өзін ұрып-соғып, тіпті өлтіретінін айтып қорқытып-үркітетін мәлімдеді. Ал әлеуметтік желіде жарияланған видеода қолында қаруы бар ер адам әйелді қуалап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде тек төменгі жағында лыпасы әрі қолында қаруы бар ер адамның қашып бара жатқан әйелдің артына түскен видеосы тарады. Видео сипаттамасында Талдықорған тұрғыны әйелін осылай үрей мен қорқынышта ұстайтыны, қаншама рет оны соққыға жыққаны да айтылады.
Ал 2026 жылдың 2 қазанында ол бір жасар баласы өзін ұйықтатпай қойғаны үшін жанжал шығарған деп болжанады. Содан кейін әйелін соққыға жыққан. Көршілер айқай-шуды естіп, көмекке келгенде ер адам оларды суық қарумен қорқытып, қуып жіберген. Болжам бойынша, осы жағдай видеоға түскен.
Жетісу облыстық ПД 2 қазанда Талдықорған қаласының тұрғыны жұбайының өзіне дене жарақатын келтіріп, қорқытып-үркіткенін айтып, полицияға шағымданғанын хабарлады.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адам ұсталды. Одан пневматикалық қару тәркіленді. Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажетті көмек көрсетілді", деп нақтылайды полициядан.
Бұған дейін аталған азаматшадан полицияға арыз-шағым түспеген.
Айта кетсек, Ақтауда жасөсіпірім өліміне байланысты хирург дәрігер ұсталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 4 қазан 2026
Теміртауда құтқарушылар өртеніп жатқан ғимарттан газ баллонын алып шықты
-
10:22, 4 қазан 2026
Жасөспірім өлімі: Ақтауда хирург дәрігер ұсталды
-
10:00, 4 қазан 2026
Қазақстанға Оман cұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді
-
09:34, 4 қазан 2026
Семейде ағаш кесу цехы алапат өртке оранды
-
09:27, 4 қазан 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамы





