Жаңбырдан кейін Алматыда жолды су басты: әкімдік себебін түсіндірді

15:00, 5 қазан 2026
MKZ: 1570567

© Сурет: Threads/_zzhakypp_

Алматыда 2026 жылғы 5 қазанға қараған түні жаңбыр жауа бастады. Қала тұрғындары оның салдарын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтын Орда" базары маңындағы тротуар мен жолға көп мөлшерде су жиналған.

Наурызбай ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Аудандағы жаңбыр суының бір бөлігі келіп құятын Райымбек даңғылында нөсер суын ағызу жүйесінің өткелі бітеліп, қиындық туындады. Соның салдарынан көп мөлшерде су жиналды. Бұған дейін бұл учаскеде мұндай мәселе байқалмаған. Қазір коммуналдық қызметтер нөсер суын ағызу жүйесін тазалап, оның су өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай бақылауда", – делінген хабарламада.

5 қазанға қараған түні Алматыда LRT құрылысы жүріп жатқан аумақтағы жолдардың кейбір бөлігінде асфальт опырылып, көліктердің жүруі іс жүзінде мүмкін болмай қалған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!