Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан Еуропа кубогында топ жарды

15:40, 10 желтоқсан 2023

© Сурет: olympic.kz

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жанбота 83,47 ұпай еншілеп, алтын жүлдегер атанды.

Күмісті канадалық Александра Монтмини, қоланы америкалық Амелиа Глоговски еншілеген.

Жарыста бақ сынаған Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орын иеленді.

Айта кетелік, бұған дейін Жанбота Еуропа кубогінде күміс медаль иеленген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!