Жаңадан тағайындалған Төтенше жағдай министріне қандай міндеттер жүктелді

© Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар Премьер-министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.
"Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты", — деді Әлихан Смайылов.
Айта кетсек, Президент бүгін ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнын Сырым Шәріпханов басты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 23 қыркүйек 2023
Президент телерадиокешені мен MNU Халықаралық журналистика мектебін ашты
-
16:15, 23 қыркүйек 2023
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған
-
15:59, 23 қыркүйек 2023
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды
-
15:08, 23 қыркүйек 2023
65 млн доллар: Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық форумында қандай құжаттарға қол қойылды
-
14:30, 23 қыркүйек 2023
Қазақстан мен Қырғызстан тарапы су саласындағы тығыз өзара іс-қимыл туралы сөйлесті