Жаңа Конституцияның қабылдануымен не өзгереді: Әділет министрі түсіндірді
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты негізгі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгіннен, яғни 2026 жылғы 1 шілдеден бастап елдің құқықтық жүйесінде түбегейлі өзгерістер басталды.
– Конституцияда алғаш рет "Заң және тәртіп" қағидаты, адам капиталын дамыту, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету, білім беру, ғылым мен инновация мемлекеттің стратегиялық даму бағыттары ретінде бекітілді. Мұндай жағдайда біз құқықтық жүйенің ұзақ мерзімді даму бағыттарын айқындап, оның біртұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет. Басқаша айтқанда, егер Конституция Әділетті Қазақстанның бейнесін айқындаса, онда Құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы оған жетудің құқықтық жолын көрсетуі тиіс. Осыған байланысты Әділет министрлігі Құқықтық саясат тұжырымдамасын жаңарту тәсілдерін әзірлеу жұмысын бастады, – деді Ерлан Сәрсембаев.
Оның айтуынша, жаңа Конституция мынадай негізгі бағыттарды қамтамасыз етуге тиіс:
- құқықтың адамға бағдарланған жаңа моделіне және мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне көшу;
- цифрлық құқықты, жасанды интеллектті, ғылым мен инновацияны дамыту;
- жаңа буындағы экологиялық құқықты қалыптастыру және басқа да тұжырымдамалық бағыттарды іске асыру.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:01, 1 шілде 2026
Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады
-
13:55, 1 шілде 2026
Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы
-
13:41, 1 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады
-
13:37, 1 шілде 2026
2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді
-
13:26, 1 шілде 2026
Несиелер бойынша қарызы бар қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды





