Жаңа Конституция тағдырын халық референдумда шешеді - Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.
Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті.
Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді.
Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.
Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 30 қаңтар 2026
Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді
-
22:35, 30 қаңтар 2026
31 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:47, 30 қаңтар 2026
ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына қандай жаңа халықаралық әуе компанияларды тартып жатыр
-
21:47, 30 қаңтар 2026
ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына қандай жаңа халықаралық авиакомпанияларды тартып жатыр
-
21:35, 30 қаңтар 2026
Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті «ізін суытпай» ұсталды





