31 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

22:35, 30 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты елдің басым бөлігінде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 қаңтарда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 31 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 31 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

31 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 31 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 31 қаңтарда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. Өскемен қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 қаңтарда Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі

31 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 31 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі.

31 қаңтарда Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 31 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

31 қаңтарда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.

31 қаңтарда Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!