Жамбылдықтар Универсиада қатысушыларына қолдау көрсетті

12:40, 15 қаңтар 2017

Жамбылдықтар елімізде алғаш рет жалауы желбірейтін қысқы Универсиадаға қатысатын спортшыларды қолдау мақсатында бастама көтерді. 300-дей адам «Тараз-Арена» спорт кешенінің алдына жиылып, «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шараға қатысты. 

Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары арнайы флешмоб өткізіп, отандық оғландарға қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жаһандық жарыста ел намысын қорғайтын сайыпқырандарды жігерлендіріп, жеңіске деген құлшынысын арттыра түсетінін айтады. 

Жиын соңында жеңіске үндейтін үміт хаты әуеге ұшырылды. 

Гамлет Қайнарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы 

-Қысқы спорттық түрлерін, осы Универсиаданы насихаттау мақсатында өткізіп отырған іс-шара. Жамбыл облысының спортшылары, оның жасөспірім спортшылары қысқы Универсиададағы қазақстандық спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау көрсетеді. 

Ғани Жайлауов, акцияға қатысушы 

-Бұл рухани және психологиялық тұрғыда спортшыларға өте көп күш-қуат береді деп ойлаймын. Өйткені өзім спортшы ретінде осындай іс-шараларды көрген кезде бір серпіліп қаламын. Спортшыларымызға сенеміз. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!