Жамбылда қазақ күресінен «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир өтті
© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласында қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында "Қолбасшы Қойгелді" атындағы ІІІ республикалық турнир өтті.
Дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінен келген 393 жас балуан қатысты. Турнирдің басты мақсаты — жастар арасында ұлттық спортты дамыту және жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Бұл жарыс Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен құрметінің артып келе жатқанын айқын көрсетті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Турнир барысында жас балуандар спорттық бәсекеден бөлек, ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шараның қатысушылары атанды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, "Қолбасшы Қойгелді" атындағы турнир алғаш рет 2022 жылы облыстық деңгейде басталып, 2023 жылдан бері республикалық мәртебеге ие болып келеді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Үш күнге созылған жарыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





