Жамбыл облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді

19:57, 23 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Желіде Жамбыл облысының Шу ауданында ер адамның кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде "46 жастағы ер адам бір жарым жыл бойы кәмелетке толмаған қызды зорлаған" деген мәлімет тарады.

Онда баланың анасы полицияға арыз жазғаны айтылған.

Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтап, мұқият зерделеп жатыр. Уәкілетті органдар мен мамандардың қатысуымен жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуде. Тергеу қорытындысы бойынша заңды әрі негізді процессуалдық шешім қабылданады", — деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, бұған дейін Рудныйда кісі өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімдерге қатысты істің мән-жайы белгілі болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!