Қазақстандағы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері қандай
© Фото: Zakon.kz
23 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мөлшерлері туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артты.
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды, бұл – күнкөріс минимумының 70%-ы, ал ең жоғары мөлшері күнкөріс минимумының 110%-нан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 23 қаңтар 2026
Қазақстанда банктер халыққа несие беруді қысқартты
-
14:18, 23 қаңтар 2026
Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені арттырудың шекті деңгейін бағалады
-
14:08, 23 қаңтар 2026
Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын есепке алу мен ондағы түзетулерді тіркеу керектігі ескертілді
-
14:08, 23 қаңтар 2026
Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын есепке алу мен ондағы түзетулерді тіркеу керек екендігі ескертілді
-
13:54, 23 қаңтар 2026
«Күнделік» деректерінің жария болуына адам факторы әсер етті





