Қазақстанда 2025 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен не болды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылы жұмыс берушілер 5 млн 514 мың жұмыскердің пайдасына жалпы сомасы 760 млрд теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қаңтарда Zakon.kz сайтына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарналар жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына төленеді.
ЖМЗЖ мөлшерлемесі:
2024 жылы – 1,5%
2025 жылы – 2,5%
2026 жылы – 3,5%
Ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға дейін жеткізіледі.
ЕХӘҚМ атап өткендей, жұмыс берушілер тарапынан ЖМЗЖ аударылуы қызметкерлерді қартайған шағында өмір бойы төленетін қосымша жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Бұл шара қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған. Олардың болашақ зейнетақы мөлшері тікелей зейнетақы аударымдарына байланысты болады. Зейнетақы үш құрамдас бөліктен тұрады: мемлекеттен төленетін базалық зейнетақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз жарналары есебінен қалыптасатын жинақтаушы зейнетақы және жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын шартты-жинақтаушы зейнетақы", – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кету керек, ЖМЗЖ тек 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтар үшін ғана төленеді.
"Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жұмыс берушілердің ЖМЗЖ төлеуге жұмсаған шығындары салық салынатын табыстан шегерімдерге жатқызылады. Осыған байланысты жұмыс берушілерге түсетін жүктеме қолайлы деңгейде сақталады", – деп хабарлады ЕХӘҚМ.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 10%-ға арттырылғаны хабарланған болатын.
Осылайша, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды, бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы. Ал ең жоғары мөлшері 110%-дан 118%-ға дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгеге жетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 23 қаңтар 2026
Прокурорлар мен тергеушілер адвокаттық лицензия алу үшін аттестациядан өтеді
-
16:21, 23 қаңтар 2026
Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
-
16:14, 23 қаңтар 2026
Қарыздар мен микронесиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі айқындалды
-
16:03, 23 қаңтар 2026
Полиция некеге мәжбүрлеу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады
-
15:54, 23 қаңтар 2026
23 қаңтардағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





