Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені арттырудың шекті деңгейін бағалады
© Фото: pixabay
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қаңтарда өткен брифингте инфляциямен күрес барысында базалық мөлшерлемені ең жоғары қай деңгейге дейін көтеруге болатыны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк үшін базалық мөлшерлемені арттырудың нақты белгіленген шегі жоқ.
"Сұрақты түсінемін және түсіндіріп өткім келеді: кез келген құралдың өз тиімділік шегі болады. Біз бұл құралдың мүмкіндіктерін жақсы білеміз. Осы мақсатта бізде талдамалық база мен модельдер жиынтығы бар, солардың көмегімен базалық мөлшерлеменің әртүрлі деңгейде қаншалықты тиімді екенін тексереміз. Сондықтан қазіргі деңгей соңғы кезең үшін ең оңтайлы деуге болады. Менің ойымша, ол ең жоғары шекке өте жақын", – деді ол.
Сонымен бірге, Ұлттық банк төрағасы экономиканың күтпеген жағдайларға тап болуы мүмкін екенін, әсіресе сыртқы ортадағы сын-қатерлерді ескеру қажет екенін атап өтті.
"Біз түрлі даму сценарийлеріне дайын болуымыз керек. Қазіргі уақытта қолданыстағы мөлшерлеме алдағы бір жылда қалыптасатын немесе болжам бойынша қалыптасуы мүмкін макроэкономикалық, микроэкономикалық, нарықтық және өзге де негізгі көрсеткіштерге сәйкес келеді деп есептейміз", – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде, ±1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 23 қаңтар 2026
Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
-
16:14, 23 қаңтар 2026
Қарыздар мен микронесиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі айқындалды
-
16:03, 23 қаңтар 2026
Полиция некеге мәжбүрлеу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады
-
15:54, 23 қаңтар 2026
23 қаңтардағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:48, 23 қаңтар 2026
Доллар бағамы 1500 теңгеге жетуі мүмкін бе: Ұлттық банк төрағасы девальвация туралы пікір білдірді





