Жамбыл облысындағы тарихи нысандар туристерді қабылдауға дайын
Туристерді қабылдауға Жамбыл жұрты да тас-түйін дайын. Қонақтарға 8 туристік бағыт бойынша 33 тарихи нысан әзірленді. Олардың қатарында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешені мен Берікқара шатқалында орналасқан ежелгі қорымдар бар.
Ақыртас сарай кешені Тараз қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Қызыл түсті тастан қаланған тарихи нысан жайлы алғашқы дерек Қытай қолжазбаларында кездеседі. Барлығы мұнда 70-ке жуық түрлі бөлмелердің орны қалған. Мамандардың мәліметінше, құрылыс жұмыстарының басталуы 8 ғасырға тиесілі. Мұндай сәулет өнерінің ерекше көрінісі Қазақстанды былай қойғанда, тіпті Орталық Азияда кездеспейді.
Алмас Мұхтаров, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің бөлім басшысы:
-Қала жөнінде бір деректерде қамал дейді, бір деректерде қорған дейді. Енді біз үлкен 4 гектар аумақтағы қаланы көріп отырмыз. Мұнда шеберлер ауылы, тас карьері, сонымен қатар қалашықтың өзінің бірнеше бөлмеге бөліп тұрғандығы, қамалдың есігін, осының барлығы біз Ақыртас қалашығының бүгінгі күнге дейінгі жеткендігін айта аламыз.
Тарихи нысанға қарай жуырда 8 шақырым жол салынды. 100-ден астам көне жәдігер қойылған мұражай өз жұмысын бастады. «Бұл кешен туристерді таң қалдырмай қоймайды», – дейді мамандар.
Қарлығаш Аралбекова, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:
-Бір ай уақыт ішінде облысымызға 24 мемлекеттен 40-тан астам турист келіп кетті. Оларға қызмет етуге 24 туроператор тіркелген, 100 ерікті жұмыс істейді. Көбі – шет тілдерді жетік білетіндер.
Меймандарды сондай-ақ Берікқара шатқалында орналасқан ежелгі қорымдар да бей-жай қалдырмайды. Мұнда бас-аяғы 411 оба бар. Қазба жұмыстары барысында мұнда бағалы әшекей заттары, қару-жарақ, қыш құмыралар табылған. Обалардың айырмашылығы биіктігінде, ең үлкені 7 метрге дейін жетеді.
Қуаныш Дәуренбеков, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі директорының орынбасары:
-Әрбір қорғанның биіктігіне, көлеміне байланысты ондағы адамның дәрежесін анықтауға болады. Мұнда 10-нан астам патшалық қорымдар бар, патшалық қорғандар деп есептеуге болады. Осы төңіректе табылып отырған материалдарға байланысты, яғни тас, топыраққа қай жерден тасымалдануына ыңғайлы, сол жерде төбелер үйіп отырған.
Аймақтағы барлық тарихи нысандарда үш тілде толық мәлімет жазылған ақпараттық тақтайшалар қойылған. Ең көп туристер «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қарахан және Айша бибі кесенелеріне келеді деп жоспарлануда.
Авторлары: Нұржан Мергенбай, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





