Жамбыл облысында жасанды интеллект арқылы тұңғыш қазақ ертегісі жасалды
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткен жылы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өткен "Қазақстан" РТРК" АҚ Жамбыл облыстық филиалы аймақта тұңғыш рет Жасанды интеллект арқылы қазақ ертегісін жасап шықты.
Бұл телеарна дизайерлерінің күнделікті жұмыстардан бөлек, заман талабына сай бейімделіп, республикалық арналарда қолға алына бастаған ЖИ –пен жұмыс істеу бағытына бет бұруы.
"Күні кеше Президент те Ұлттық Құрылтайда осы салаға мән беру керектігін айтқан еді. Осыған байланысты да "JAMBYL" телеарнасы кішкентай көрермендері үшін ертегілер әзірлеуді қолға алды. Бүгін біз алғаш рет Жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған анимациялық қазақ ертегісін ұсынамыз. Кішкентай тышқан мен алып арыстанның достығы туралы бұл хикая – кішкентай көрермендеріміз үшін тамаша тарту. Әрбір кадр – шығармашылық пен интеллекттің үндесуі. Әрбір көрініс – үміт пен сенімнің бейнесі", – деп айта аламыз. Енді арманды бейнелеу үшін тек қиял ғана емес, жаңа технология да бірге жұмыс істемек", - деп хабарлады телеарна.
Жалпы, JAMBYL телеарнасында бүгінде 67 адам еңбек етеді. Тұрақты түрде 33 хабар көрерменге жол тартса, оның 70 пайыздан астамы өзіндік өнім болып табылады. Телеарна аптасына бес рет түрлі форматта тікелей эфирлер ұйымдастырса, күнделікті "Айқын Ақпарат" жаңалықтар бағдарламасы 3 рет тікелей эфирден көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





