Жамбыл облысында полицейлер қауіпті автокортеждің жолын кесті
© Фото: polisia.kz
Түнгі рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады.
Құқық қорғау органдарының назарына жол қозғалысы талаптарын әдейі елемей, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген көліктер шеруі іліккен. Жедел әрекет еткен патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті маневрлердің жолын кесті.
Тексеру барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылғаны және бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ал Toyota автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тексеру нәтижесінде Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны анықталып, бұл дерек медициналық куәландыру арқылы расталды.
Сот шешімімен оған 18 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Lada автокөлігінің жүргізушісі қос тұтас жолақ сызығын кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралын басқару құқығынан 6 айға дейін айырылды. Автокортежге қатысқан барлық көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
"Заң және тәртіп" қағидаты аясында өңірде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарға қарсы ымырасыз жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Заң талаптарын елемеудің кез келген әрекеті дер кезінде тоқтатылып, құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігі – полиция қызметінің басты басымдығы, – деп атап өтті Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 29 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
14:55, 29 сәуір 2026
Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс «ізін суытпай» ашылды
-
14:26, 29 сәуір 2026
Астанада Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
-
14:11, 29 сәуір 2026
Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімін ұзарту ұсынылды
-
13:44, 29 сәуір 2026
Қазақстанда педагог мәртебесін күшейтуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды





