Қазақстанда педагог мәртебесін күшейтуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
© Фото: freepik
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 29 сәуірде педагог мәртебесі мен білім беру саласына қатысты заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар, педагог мәртебесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ілеспе түзетулер де бірінші оқылымда қолдау тапты.
Депутат Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – педагогтардың құқықтарын қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар мәселелерді реттеу. Бұл нормаларды іске асыру мұғалімдердің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Заң жобасы аясында мынадай ұсыныстар қарастырылды:
- оқушыларды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде ғылыми қызметке тарту;
- "академиялық адалдық" ұғымын моральдық-этикалық норма ретінде заңмен бекіту;
- мемлекеттік мектептер педагогтарына қатысты шектеулерді балабақша, колледж және өзге де мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне де қолдану.
Сонымен бірге, құжатта денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысатын жеке серіктестердің аясын кеңейту, сондай-ақ шетелдік жетекші университеттердің Қазақстан аумағында қызмет етуіне қолайлы құқықтық жағдай жасау көзделген.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы түзетулер 2026 жылғы 25 ақпанда депутаттардың қарауына енгізілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 29 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
14:55, 29 сәуір 2026
Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс «ізін суытпай» ашылды
-
14:26, 29 сәуір 2026
Астанада Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
-
14:11, 29 сәуір 2026
Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімін ұзарту ұсынылды
-
13:59, 29 сәуір 2026
Жамбыл облысында полицейлер қауіпті автокортеждің жолын кесті





