Абай облысындағы шахтада болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz
Абай облысында шахтада топырақ опырылып, екі жұмысшыны басып қалды. Үйінді астында қалған бұрғылаушының көмекшісі сол жерде жан тапсырған. Екінші жұмысшы ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, оқыс жағдай Бородулиха ауданындағы Орлов өндірістік кешенінің шахтасында болды. Кенеттен таудың бір беті опырылып, тас аралас топырақ екі жұмысшыны басып қалған. Өкінішке қарай, 31 жастағы азамат тілге келместен сол жерде қаза тапты. Ал екінші жұмысшы үйінді астында төрт сағат жатып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, бекітуші болып жұмыс істеген азаматтың миы шайқалып, көп жарақат алған. Қазір қауіпсіздік талаптарының сақталмауы бойынша тексеріс басталып, қылмыстық іс қозғалды.
"Жазатайым оқиғаның себебін және барлық жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Зардап шеккен әріптесімізге де тиісті көмек көрсетіледі".Ермек Дүзкенев, KAZ Minerals корпоратив байланыстар департаментінің менеджері:
Бұған дейін Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 28 сәуір 2026
Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға үндеу жасады
-
22:39, 28 сәуір 2026
Шымкентте қауіпті маневр жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізуші жазаланды
-
21:54, 28 сәуір 2026
Алматы облысында ер адам мас күйде туған әкесін өлтірді
-
21:38, 28 сәуір 2026
Қарағандыда жарты миллион теңгенің мопедін ұрлап кеткен жасөспірім ұсталды
-
21:17, 28 сәуір 2026
Алматыда кафе саябақтың бір бөлігін жазғы террасаға айналдырған





