Жамбыл облысында өзін тоқтатқан полицейді такси жүргізушісі ұрып жіберген

© Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны өзіне әкімшілік хаттама толтырып жатқан полицейдің мойнынан жиналмалы пышағымен ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы-Ташкент тас жолының 168-ші шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғыны тізгіндеген "Тойота Карина" маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді. Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда 29 градусқа дейін күн суытады
-
10:59, 6 желтоқсан 2023
Қазақстандық такси жүргізушілерінің табысы бір жылда 20% өсті
-
10:46, 6 желтоқсан 2023
Израиль соғыстан кейін Газаны демилитаризацияланған аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр
-
10:35, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда шыршаны кескендерге қанша айыппұл салынады
-
10:22, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін