Жамбыл облысында медициналық қызмет сапасы артты

16:28, 7 қараша 2024

© Фото: freepik

Халыққа қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелері сапалы қызмет көрсетіп, қауіпсіздік талаптарына сай болу үшін медициналық жабдықтар мен технологияны үнемі жаңартып отыруды маңызды.

Медициналық аппараттардың жай-күйі диагноздың дәлдігіне, емдеу сапасына және емделушілерге тікелей әсер етеді.

Заманауи технологиялар мен инфрақұрылымсыз адамдардың өмірі үшін күресіп, емделушілердің денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан медициалық құрылғыларды уақтылы жаңартып отыру – денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Перизат Үмбетәлінің айтуынша, аймақтағы медициналық мекемелердің жабдықталу деңгейі бүгінде 92,6 пайызды құраған. Өңірдегі емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтардың тозу деңгейі өткен жылы 35,88 пайызға тең болса, биыл бұл көрсеткіш 35,67 пайызға төмендеген.

Биыл облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының шығыстарына 6,1 миллиард теңге бөлінсе, оның 4,6 миллиард теңгесі материалдық-техникалық базаны жақсартуға арналған. Бұл қаражатқа облыстағы емдеу мекемелеріне 38 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ ауруханалар мен емханаларға қажетті мың моноблок пен басқа да құрал-жабдықтар алынды.

"Сондай-ақ, жергілікті медициналық мекемелерге 68,9 миллион теңгеге 16 түрлі медициналық құрал-жабдық пайдалануға берілді. Нақтылап айтқанда, сандық рентген аппараты, портативті ультрадыбыстық аппараттар, ЭЭГ, гинекологиялық креслолар, дефибрилляторлар, алты арналы ЭКГ, экспресс анализаторлар және басқа құрылғылар алынды", – дейді Перизат Жолдығұлқызы.

Облыста емделушілер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ медицина деңгейін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!