Қытайда некеге тұру деңгейі күрт төмендеді - жас қыздар отбасын құрудан неге қашады
© Сурет: pixabay
Қытайда демографиялық дағдарыс күшейіп келеді, нақтырақ айтсақ, жыл сайын шаңырақ көтерген жастар саны азаюда, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN мәліметтері бойынша, неке мен бала туудың күрт төмендеуі Бейжің үшін өзекті мәселе болып табылады. Бұл жұмыс күшінің қысқаруы мен қарт адамдардың артуына алып келуде.
Азаматтық істер министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда шамамен 4,74 миллион жұп некеге тұрды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген 5,69 миллионнан 16,6%-ға аз.
Қытайда жоғары білімді және қаржылық жағынан тәуелсіз жас қыздар арасында некеге деген көзқарас өзгеріп келеді, дәл осы себептен де отбасын құру мен бала туу көрсеткіші азайып отыр.
Әйелдердің некеден бас тарту себептерінің негізгісі, олардан бала күтімі мен үй шаруаларын талап ету, сондай-ақ, патриархалдық дәстүрлер де рөл ойнап тұр.
Бұған дейін Трамптың сайлаудағы жеңісі аясында доллар бағамының күрт көтерілгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 9 қыркүйек 2026
АҚШ-та рұқсат етілгенімен, шетелде қатаң тыйым салынған: туристерге ескерту жасалды
-
11:55, 9 қыркүйек 2026
Қытайда автокөлік сатылымы күрт төмендеді
-
11:06, 9 қыркүйек 2026
Жерде адамзатқа қауіп төндіретін жаңа суперконтинент қалыптасып келеді
-
11:00, 9 қыркүйек 2026
34 млн теңгеге әлемдегі ең ұзақ круиз: Жер шарын айналып шығуға қанша күн кетеді
-
09:56, 9 қыркүйек 2026
Грузияда қатарынан екі жер сілкінісі болды





