Жайықтың суы сәт санап артып келеді
© Сурет: pixabay
Оралда Жайық деңгейі сәт санап көтеріліп келеді. Қазір басты күретамырдың арнасы аймақтағы кіші өзендер мен сай-саладағы еріген қар суымен толығып жатыр. Ал Орынбордан келетін нөпір су елге әлі жеткен жоқ.
Жайықтың қазіргі деңгейі 737 см. Жалпы салыстыру үшін, су деңгейі қыста өз арнасында 133 см болған. Содан бері, мінекей, 6 метрге көтеріліп, мына біз тұрған жағалауды су басты, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір шаһарда бөгеттерді биіктету күшейтілді. Жұмыс күні-түні жүріп жатыр. Саяжайлардағы 830 үйді су басты. Бірақ тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Жалпы Жайықтың жағасындағы бау-бақша серіктестіктерінде 5 мыңдай адам тұрып жатыр.
Әлі де ондаған саяжайды су басу қаупі бар. Өзендегі су келуін бақылау үшін 6 жерге арнайы күзет қойылды. Шаһардағы 14 эвакуациялық орталықта 1600-дей адам тұрып жатыр. Олардың жартысына жуығы - бала. Қауіп күшейген уақытта 2500 орын резервте бар.
"Осал жерлеріміз бұл - қаланың ортасы, Курени, Коминтерн және осы жерлер. Осы бағытта 5 жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаланың ең жоғарғы жағы - Желаев, Ет комбинаты, Ремзавод - ол жақтарда отметка 36 метр. Ең аласа жақтарында - 32, 33 метр. Осыларды ұлғайтып жатырмыз." Миржан Сатқанов, қала әкімі
Жалпы облыс бойынша 1200-ге жуық үй су астында қалды, олардың жартысы - тұруға жарамсыз. Орал қаласында және 4 ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 13 ақпан 2026
Қызылордада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды
-
22:45, 13 ақпан 2026
Қызылордада құтқарушылар балшыққа батқан сиырды құтқарды
-
22:36, 13 ақпан 2026
Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кездесетін жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
-
21:41, 13 ақпан 2026
Жетісу облысында қар мен балшыққа батқан көліктегі жолаушылар тікұшақпен эвакуацияланды
-
21:41, 13 ақпан 2026
Жетісу облысында қар мен балшыққа батқан қос көліктегі жолаушылар тікұшақпен эвакуацияланды





