Алаяқтық арқылы табылған миллиондар: сот «Lets School» мектебіне қатысты қылмыстық іс бойынша нүкте қойды
© Фото: zakon.kz
Білім беру ұйымы ретінде құрылған "Lets School" мектебіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау қаласының №2 сотының үкімімен мектептің құрылтайшысы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына, сондай-ақ 6 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасына сотталды.
Сот талқылауы барысында сотталған тұлғаның қасақана, пайдакүнемдік ниетпен жалған білім беру ұйымын құру және оның қызметін жүзеге асыру арқылы азаматтарды адастырып, нақты көрсетілген шарттар мен міндеттемелерге сәйкес келмейтін білім беру қызметтерін көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 120 миллион теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтіріліп, аталған сома толық көлемде өндіріп алу соттың айыптау үкімімен міндеттелді.
Шығарылған үкім қоғамда алаяқтық пен азаматтардың сенімін теріс пайдаланғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтарға келісімшарттар жасасу және ақшалай қаражаттарды беру алдында білім беру ұйымдарының құқықтық мәртебесін, лицензиялары мен өзге де рұқсат беру құжаттарының болуын мұқият тексеру қажеттігі түсіндірілуде.
Атырау облысының прокуратурасы заңсыз табыс табуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілетінін ескертеді. Қадағалау және құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады
-
15:05, 14 наурыз 2026
Алматыда үш күн ішінде полицейлер көшеде жүрген 250-ден астам жасөспірімді анықтады





