Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Оның ішінде алтауының құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың бірі – Атырау қаласының теміржол вокзалы. Тарихи ғимарат 50 жылдан астам уақыт өңір жолаушыларына қызмет көрсетіп келеді. Оның жалпы ауданы – 3744,8 шаршы метр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңғырту жұмыстары Атырау қаласында, Мақат ауданы, Жамансор және Мұқыр елді мекендерінде жүріп жатыр. Ал Исатай мен Құрманғазы аудандары, Доссор, Аққыстау, Сағыз ауылдарында ескі ғимараттардың орнына жаңа вокзалдар салынып жатыр. Жаңарту жұмыстары аясында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, инженерлік және санитарлық желілер ауыстырылады, жаңа жарықтандыру және навигациялық жүйелер орнатылады.
Сондай-ақ кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда пандустар, заманауи санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған демалыс аймақтары қарастырылған. Алдағы уақытта вокзалдарға көтергіш платформалар орнатып, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған қосымша инфрақұрылыммен жабдықтау жоспарлануда.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Данияр Гарифулланың айтуынша, Атырау теміржол вокзалы күніне 1300-ден астам жолаушыны қабылдайды.
"2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп өңірдегі 9 вокзалды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ганюшкино вокзалдарындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда. Қалған нысандар екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі", – деді Д. Гарифулла.
Айта кетейік, теміржол вокзалдарының басым бөлімі 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
16:06, 14 наурыз 2026
Алаяқтық арқылы табылған миллиондар: сот «Lets School» мектебіне қатысты қылмыстық іс бойынша нүкте қойды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады
-
15:05, 14 наурыз 2026
Алматыда үш күн ішінде полицейлер көшеде жүрген 250-ден астам жасөспірімді анықтады





