Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде
© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы 16 сәуір күні таңертең Жайық өзеніндегі ахуал бойынша деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, Жайық өзені бойынша, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен келесі өзгерістер орын алды:
- Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см.
- Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 см.
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с ", - делінген хабарламада.
16 сәуір күнгі таңертеңгі ахуал бойынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





