Зерттеу: Артық салмақ пен семіздік жаһандық проблемаға айналды
© Фото: Zakon.kz
Әлемде шамамен 3 миллиард адам семіздікке шалдыққан. Дүниежүзі бойынша артық салмақ пен семіздіктің жылдам өсуінен негізгі ауыртпалық дамушы елдерге түсіп отыр.
Медицина мамандарының айтуынша, артық салмақ көбіне тек сыртқы келбет мәселесі ретінде қабылданады. Расында ол денсаулыққа тікелей әсер ететін маңызды фактор деп санайды. Жоғары дене салмағының (ДСИ) жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулардың негізгі қауіптерінің бірі болып табылады, деп жазады "24KZ".
World Obesity Atlas 2025–2026 деректеріне сәйкес, әлемде 3 миллиард ересек адамның дене салмағы индексі (ДСИ) жоғары 1 миллиардтан астам адам семіздікке шалдыққан 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш 4 миллиардқа дейін жетуі мүмкін Балалар арасында да жағдай алаңдатарлық: 5–19 жас аралығындағы 419 миллион балада артық салмақ бар 2040 жылға қарай бұл сан 500 миллионнан асуы ықтимал Артық салмақ пен семіздік тек сыртқы келбетке емес, ағзаның жұмысына да әсер етеді.
Атап айтқанда:қандағы қант деңгейінің жоғарылауы қан қысымының көтерілуі зат алмасу бұзылыстары бауырдың майлы ауруы Сарапшылардың мәліметінше, жыл сайын шамамен 5 миллион адам артық салмақ пен семіздік салдарынан ерте қайтыс болады. Осы деректерге қарамастан, семіздік әлі күнге дейін медициналық мәселе ретінде жеткілікті деңгейде бағаланбай келеді. Бұған дәлел – семіздігі бар адамдардың 64%-ына ресми диагноз қойылмаған және олар қажетті медициналық көмекті уақтылы алмаған.
Қазақстанда да бұл мәселе өзекті: Елімізде ересектердің 56%-ында артық салмақ жоғары 20%-ы семіздікке шалдыққан 2030 жылға қарай елімізде артық салмаақ пен семіздікке шалдыққан адамдар саны 8,17 млн-ға жетуі мүмкін Қазақстандағы балалар денсаулығы туралы айтар болсақ, World Obesity Atlas 2026 деректеріне сәйкес, өткен жылы 5 пен 19 жас аралығындағы 79 мың балаға гипертония диагнозы қойылған, ал алдағы 15 жылда бұл көрсеткіш тағы 28 мың балаға артуы мүмкін.
ДДСҰ мәліметінше, артық салмақ пен семіздік тез өсіп келе жатқан жаһандық проблема. Бұл мәселе көбіне кедей және орташа табысты елдерде көбейіп жатыр. Оның себебі: қалаға көшу (урбандалу) тез тамақтану, дұрыс тамақтанбау қозғалыстың азаюы өмір салтының өзгеруі.
Қазақстанда артық салмағы бар адамдарға арналған арнайы білім беру орталықтары жұмыс істейді, ол медициналық сауаттылықты арттырып, салмақты бақылауға қатысты қауіпсіз әрі саналы көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Артық салмақ тек сырт келбет пен өмір салты мәселесі ғана емес, ерте өлім қаупіне әсер ететін созылмалы ауру болып табылады. Сондықтан аталған тақырыпқа жалпы қоғамның өзекті әрі ауқымды мәселесі ретінде қарау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 23 маусым 2026
Доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:43, 23 маусым 2026
Алматыда аптап ыстық пен жаңбыр қатар күтіледі: Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:27, 23 маусым 2026
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
15:03, 23 маусым 2026
Қыз алып қашу – ұлттық дәстүрге жат ұғым
-
14:49, 23 маусым 2026
Саяси партия құру кезінде азаматтар тізіміне қойылатын талаптар өзгерді





