Астанада көпбалалы ер адам токқа түсіп, мерт болды
© Фото: zakon.kz
Астанада электр энергиясын тартатын қосалқы станциялардың бірінде тоқ соғып, 43 жастағы электромеханик қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың баспасөз қызметі ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен қайғылы оқиға туралы ақпарат Egovpress Telegram арнасында пайда болды. Ондағы мәліметке сәйкес, трагедия Астанадағы ЭЧЭ-16 қосалқы станциясында орын алған, 43 жастағы компания қызметкері көз жұмған, оның артында үлкен бір отбасы қалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол байланыс желісінің фидер ұяшығына өз еркімен кіріп, кернеулі тоққа тап болған. Марқұмның артында әйелі мен жеті баласы қалды", делінген хабарламада.
ҚТЖ-ның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне қайғылы оқиғаның 2026 жылдың 14 маусымында болғанын растады. Компания бұл факт бойынша тергеу шаралары белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалатын болады. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиғаның себептері туралы түсініктемелер бере алмаймыз", – деп хабарлады ұлттық компаниядан 2026 жылдың 22 маусымында.
ҚТЖ компания тергеуге жан-жақты жәрдем көрсететіндерін жеткізіп, қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін Қарағандыда теміржол қызметкерін пойыз қағып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 22 маусым 2026
Маңғыстау облысында ақшаға зәру ер адам аса ауыр қылмысқа барды
-
19:43, 22 маусым 2026
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
19:40, 22 маусым 2026
Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады
-
18:55, 22 маусым 2026
Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді
-
18:46, 22 маусым 2026
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр





