Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үндістанның Нью-Дели қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Аталған жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай зор үлес қосты. Олар Қазақстан құрамасы сапында Артем Саркисян және Назарбай Саттарханмен бірге сынға түсті.
Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары шеберлік пен табандылық танытып, Қытай құрамасын 45:44 есебімен ұтты. Осылайша олар Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 23 маусым 2026
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты
-
17:04, 23 маусым 2026
Вьетнам мен Габоннан оралған алматылықтардан қауіпті инфекция анықталды
-
17:01, 23 маусым 2026
Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алды
-
16:57, 23 маусым 2026
Қандай жағдайда қазақстандықтардың кредиті немесе ипотекасы сақтандыру төлемі арқылы өтелуі мүмкін
-
16:37, 23 маусым 2026
70 қазақстандықтың атына олардың келісімінсіз микрокредит рәсімделген





