Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді

18:55, 22 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

Бұған дейін Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!