Зейнетақы, ең төменгі жалақы және АЕК: 2025 жылы Қазақстанда олардың мөлшері қандай болады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жаңа 2025 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің, сондай-ақ ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа мөлшерлер Мемлекет басшысы 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналар белгіленеді:
- ең төменгі жалақы (ЕҚБ) – 85 000 теңге (2024 жылы – 85 000 теңге);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (2024 жылы – 3692 теңге);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 32 360 теңге (2024 жылы – 28 215 теңге);
- ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (2024 жылы – 57 853 теңге);
- базалық әлеуметтiк төлемдердiң (БӘЖ) мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы 46 228 теңге (2024 жылы – 43 407 теңге) құрайды.
Заңда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюы ескеріле отырып берілетіні белгіленген.
Міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері де белгіленді – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 2%.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





