Мемлекет басшысы әкімшілік әділет рөлін атап өтті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі" атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде, әкімшілік әділет рөлі нығайып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Президент қоғамда әкімшілік әділет рөлі нығайып келетіндін айтты,
"Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді. Кейбір азаматтар соттардың шешіміне наразылықтарын білдіріп, өз үміттері ақталмағандарын алға тартады. Бұл бұған дейін де болған, қазір де кездеседі. Мұндай шағымдардың көбі өкпе-ренішке немесе біржақты пікірге құрылады. Бірақ қандай жағдай болса да мұндай пікірлерді тексеріп, әділ шешім қабылдау керек. Сондықтан жаңа Конституцияда әкімшілік сот төрелігін сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретінде бекітудің маңызы зор.
Оның айтуынша, күн тәртібінде сотқа шағымданудың қасаң моделін сот ісін жүргізу тәуекелдерін стратегиялық басқаруға ауыстыру қарастырылып отыр.
"Үкімет қазірдің өзінде тиісті ережелерді әзірледі. Енді орталық және жергілікті деңгейде әкімшілік актілер мен рәсімдердің бірізділігін қамтамасыз ету қажет. Бұрын келіп түскен шағымдар мен өтініштерде қаралған мәселелер қайтадан соттағы дау-дамай нысанасы болмауы керек. Әкімшілік тәжірибенің жүйелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Жария құқықтық сипаттағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Былтыр бұл қосымша құқықтық-нормативтік актілердің заңдылығын қарайтын істерді қамтыды. Бұған дейін мұндай дау-дамайға қатысты шешім азаматтық іс жүргізу нормаларына сәйкес қабылданып келген". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл ретте, ол жария құқықтық сипаттағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда екенін мәлімдеді.
"Былтыр бұл қосымша құқықтық-нормативтік актілердің заңдылығын қарайтын істерді қамтыды. Бұған дейін мұндай дау-дамайға қатысты шешім азаматтық іс жүргізу нормаларына сәйкес қабылданып келген" Мемлекет басшысының сөзінше, қария құқықтық сипаттағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда".Мемлекет басшысы
Бұған дейін президент мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 5 маусым 2026
Астанадағы LRT жүйесіне жаңа атау беріледі
-
14:00, 5 маусым 2026
Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті
-
13:44, 5 маусым 2026
Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады - Президент
-
13:33, 5 маусым 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр
-
13:15, 5 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы сөз қозғады





