Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы сөз қозғады
© Фото: freepik
Билік және бизнес өкілдері өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет. Президент "Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі" атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде дәл осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның айтуынша, еліміз сот жүйесі және құқық қорғау саласындағы түбегейлі реформалармен қатар ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында, соның ішінде инвестициялық дауларды шешу үшін қолайлы құқықтық институционалдық орта қалыптасуда. Соның арқасында сот шешімдерінің 80 пайызына жуығы инвесторлардың пайдасына шығарылып жатыр.
"Мен отандық және шетелдік инвесторлармен кездесулер кезінде үнемі мына мәселеге айрықша назар аударамын: билік және бизнес өкілдері өзара сындарлы байланыс орнатуы керек, олар өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет. Билікте отырған лауазымды тұлғаларға тапсырмам: әр даулы жағдайда мәмілеге келетін жолды іздеу керек, бірақ бұл жол заңнама жүйесіне нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа сөзбен айтқанда, әр келісімнің заңдық шектеуі болуға тиіс. Атап айту керек, кассациялық соттарды құру бастамасы дәл осындай жиынның бірінде көтерілген болатын".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін мемлекет басшысы әкімшілік әділет рөлін атап өткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 27 шілде 2026
Алматыда полиция сұйық тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгуге қарсы бақылауды күшейтті
-
17:50, 27 шілде 2026
«Күн 47 градусқа дейін қызады». Еліміздің кей өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады
-
17:32, 27 шілде 2026
Алаяқтар қоңырау шалу үшін тағы бір себеп тапты. Қандай сөзден кейін сезіктене беру керек
-
17:18, 27 шілде 2026
Таразда жасөспірім өзінен кіші баланы қуып жүріп сабаған - видео
-
16:56, 27 шілде 2026
ІІМ жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады: қабылдау қағидалары жаңартылды





