Алматы мен Алматы облысындағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлер жарықтан ажыратыла бастайды

17:53, 5 маусым 2026

© Фото: zakon.kz

2026 жылғы 5 маусымда "Алатау Жарық компаниясы" АҚ филалы - "Энергосбыт" қарызы көп тұтынушыларды жарықтан ажырату жоспарланып отырғанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының жалпы берешегі шамамен 34 млрд теңгені құрайтынын нақтылады.

"Дебиторлық берешектің өсуі өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысында елеулі тәуекелдер туғызады, өйткені уақтылы төлем жасамау электр энергиясын жеткізушілермен есеп айырысу, сондай-ақ электр энергиясын беру және электр қуаты бойынша жүктемені арттыруға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеуде қаражат тапшылығына алып келеді", - деп атап өтті компаниядағылар.

Күзгі-қысқы кезеңнің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 8 маусымнан бастап "Алатау Жарық компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" мерзімі өткен берешегі бар тұтынушыларға қатысты электр энергиясын беруді шектеу және (немесе) тоқтату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға кіріседі.

Шаралар заңнамаға және электрмен жабдықтау шарттарының талаптарына сәйкес жүргізілетін болады:

Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша энергия беруші ұйым шартта белгіленген мерзімдерде тұтынылған электр энергиясына ақы төленбеген не толық төленбеген жағдайда, оны алдын ала хабардар еткен жағдайда, тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы.

Берешегі бар барлық тұтынушы жарықсыз қалмас үшін оны уақтылы өтеуге шақырылады.

"Әсіресе, МИБ, ПИК басшыларын, басқарушы компанияларды және коммуналдық қызметтерге төлемдер жинауды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарды энергия ресурстарын жеткізушілерге ақшалай қаражатты уақтылы аудару қажеттілігіне ерекше назар аударуды сұраймыз", – деп хабарлайды филиалдан.

Төлем жасалмаған жағдайда, мынандай шаралар қолданылатын болады:

  • электр энергиясын беруді шектеу және (немесе) тоқтату;
  • берешекті сот тәртібімен өндіріп алу;
  • сот актілерін мәжбүрлеп орындату.

Сондай-ақ," Алатау Жарық компаниясы " қарызы өте көп тұрғын үй кешендері мен ықшам аудандардың атын атап, тізімін жариялады.

Алматы:

  • "Алма Сити" ТК - 306,2 млн тг
  • "Шұғыла" ТК - 175,4 млн теңге
  • "Жас Қанат" ТК - 122,9 млн тг
  • "Алатау Сити" ТК - 105,4 млн теңге
  • "Кристалл" ТК - 82,0 млн тг
  • "Адель" ТК - 73,6 млн тг
  • "Alem City" ТК - 71,6 млн тг
  • "Qargaly City" ТК - 54,6 млн тг
  • "12 месецев" ТК - 48,6 млн тг
  • "Мирас" ТК - 40,6 млн теңге
  • Esentai city ТК - 32,2 млн тг
  • Dragon City ТК - 30,7 млн тг
  • "Дом на Абая" ТК - 28,7 млн теңге
  • "Өжет" ТК - 26,3 млн тг
  • "Алтын Бұлақ-1" ТК - 22,8 млн тг
  • Ерменсай ы/а - 18,6 млн теңге
  • AFD Plaza ТК - 15,3 млн тг
  • "Хан Тәңірі" ТК - 14,6 млн теңге
  • "13 ықшам ауданы" ТК - 12,6 млн тг
  • "Амал" ТК - 10,3 млн тг
  • Rams luxury ТК - 9,1 млн тг

Алматы облысы:

  • "Domus Qazagstan" ЖШС - 93,5 млн теңге
  • "Newgen Electrical" ЖШС - 67,3 млн тг
  • "Domus Qazaqstan" ЖШС - 37,2 млн теңге
  • "Semireche" ЖШС - 36,0 млн тг
  • "Exclusive Home 2" ЖШС - 23,5 млн тг
  • "Star Land" ЖШС - 20,4 млн тг
  • "Аэропортная 58" осі - 17,6 млн тг
  • "Aspan City" ЖШС - 15,3 млн тг
  • "Компания ТехСервис" ЖШС - 15,3 млн тг
  • "ТАМ ҚҰРЫЛЫС" ЖШС - 6,9 млн теңге
  • "DEL Construction" ЖШС - 4,9 млн тг.

Ал адал тұтынушыларға "Алатау Жарық компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" уақтылы төлем жасағандары үшін алғыс білдіреді және Алматы қаласы мен Алматы облысын тұрақты электрмен жабдықтау әрбір тұтынушының өзінің шарттық міндеттемелерін орындауымен байланысты екенін еске салады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!