Мемлекет басшысы Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания королі X Фредерикке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады, деп нақтылайды 2026 жылы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін ️Мемлекет басшысы 2026 жылғы 5 маусымда өткен халықаралық форумда Әділетті Қазақстанды құру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 5 маусым 2026
Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
-
17:53, 5 маусым 2026
Алматы мен Алматы облысындағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлер жарықтан ажыратыла бастайды
-
17:08, 5 маусым 2026
Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс
-
17:00, 5 маусым 2026
Тұрақты даму мен экологиялық жауапкершілік – «Казфосфаттың» басты ұстанымы
-
16:56, 5 маусым 2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдетілді: жаңа формат іске қосылды





