Зейнетақы аннуитеті бойынша мұрагерлердің құқығын күшейтетін өзгерістер ұсынылды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және орындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы құжат әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жобаға сәйкес, зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаның, ал ондай тұлға болмаған жағдайда мұрагерлердің сақтанушы көзі тірісінде алып үлгермеген кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін (бар болған жағдайда) алу құқығын бекіту ұсынылады.
Сонымен қатар сақтанушының зейнетақы жинағы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын өз қаражаты есебінен төлеу тәртібі, сондай-ақ пайда алушыны ауыстыру немесе сақтандыру талаптарына әсер етпейтін дербес мәліметтерді өзектендіру кезінде шартқа өзгерістер енгізу рәсімі нақтыланады.
Бұдан бөлек, сақтанушының бір сақтандыру ұйымынан екіншісіне ауысу рәсімі жеңілдетіледі. Ол үшін зейнетақы аннуитеті шартының қағаз нұсқасын ұсыну талабы алып тасталады. Қажетті мәліметтер бірыңғай сақтандыру деректер базасы арқылы алмасатын болады.
Агенттіктің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты – зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкестендіру, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып оның ережелерін жетілдіру және жүйеге қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл үдерістерін цифрландыру.
Жобаны 2026 жылғы тамыз айында қабылдау жоспарланып отыр.
Құжат 2026 жылғы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 23 шілде 2026
Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс
-
15:45, 23 шілде 2026
Ұлттық қордың есептілікті орналастыру ережесі бекітілді
-
15:39, 23 шілде 2026
Доллар бағамы сауда-саттықта төмендеуін жалғастырды
-
15:26, 23 шілде 2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: қазақстандықтарға алаяқтық әрекет туралы ескертілді
-
15:17, 23 шілде 2026
Бюджет қаражатын жымқырған қылмыстық топ мүшелерінен 19 үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер мен 4 көлік тәркіленді





