Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру: кімдер кейінге қалады және нені білу маңызды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қорғаныс министрлігі 2026 жылғы 4 ақпанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек:
"2026 жылы еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери дайындалған резервті қалыптастыруға бағытталған".
Үкімет қаулысына сәйкес:
- 700 запастағы офицер – Қарулы күштерге,
- 80 офицер – Шекара қызметіне,
- 64 офицер – Ұлттық ұланға,
- 15 офицер – Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.
Ведомство шақыру авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радио-техникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары секілді ең қажетті әскери есептік мамандықтар бойынша жүргізілетіндігін атап өтті.
"Денсаулығы жарамды, қажетті әскери есептік мамандығы бар 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылуға жатады, ал медициналық мамандықтар бойынша бұл шек 32 жасқа дейін белгіленген. Шақырылған офицерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер деңгейінде жүзеге асырылады. Қызмет атқару кезінде олар ақшалай үлеспен, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі".ҚР Қорғаныс министрлігі
Белгілі болғандай, офицерлер әдетте қызметті әскери есепке тұрған немесе тұрған жері бойынша өтейді. Әскери қызметке қызығушылық танытқан және тұрақты жұмысы жоқ үміткерлерге басымдық беріледі.
"Хабарлама алған запастағы офицер дер кезінде жергілікті әскери басқару органына жеке куәлігі мен әскери билетін (бар болса) алып келуі тиіс. Шақырылудан кейінге қалдыру отбасы жағдайлары, білім алу немесе денсаулық жағдайына байланысты шақырылу комиссиясының шешімімен берілуі мүмкін",- делінген ақпаратта.
Министрлік запастағы офицерлерді шақыру жоспарлы түрде жүргізілетіндігін және қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылатындығын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 4 ақпан 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 4 ақпан
-
11:39, 4 ақпан 2026
Қазақстанда Әділет министрлігінің жаңа функциялары бекітілді
-
11:27, 4 ақпан 2026
Парламент арнайы мемлекеттік органдар қызметіне түзетулерді қарауға алды
-
11:16, 4 ақпан 2026
Қазақстандықтардың бір бөлігі уақытша теледидар мен радиосыз қалуы мүмкін
-
11:09, 4 ақпан 2026
Депутат жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға рұқсат беріледі деген қауесетті фейк деп атады





