Заманымыздың заңғар жазушысы Медеу Сәрсеке дүниеден озды
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Ғұмырын Қаныш Сатпаев, Евгений Букетов, Ермахан Бекмаханов сияқты қазақтың біртуар ұлыларын зерттеуге арнаған заманымыздың заңғар жазушысы, Құрмет орденінің, сондай-ақ "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, 1958 жылы инженер-металлург мамандығын иеленген. Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді.
Инженер қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.
Сондай-ақ ол - қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бастауында тұрған қалам иесі.
"Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) сынды повестердің авторы. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды.
"Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), "Шығыс хикаясы" пьесасын (1971), "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1985) романдарын жазды.
А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған.
"Абайды Абай қылған Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар жасаған Абай" деген қанатты сөздер Қаныш Сәтбаевтың аузынан шыққан деседі. Сол сияқты “Қанышты Қаныш қылған Медеу, Медеуді Медеу жасаған Қаныш" деген де сөз бар ел арасында. Өйткені Медеу Сәрсеке Қаныш Сәтпаевты тыңғылықты зерттеуге 60 жылын арнаған.
Шығармашылық ғұмырын Семей атырабында өткізген қаламгер өлкетану ісіне де айтарлықтай үлес қосты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





