Юлия Путинцева Канададағы беделді турнирде жарыс жолын алғашқы ойында-ақ аяқтады

11:13, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559542

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдегі өнерін алғашқы айналымда аяқтады. Ол Қытай өкілі Чжан Шуайға есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, кездесу екі сетте өтіп, қытайлық теннисшінің 6:4, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Бұл кездесу қос спортшының өзара оныншы ойыны болды. Бұған дейінгі тоғыз матчтың жетеуінде Юлия Путинцева жеңіске жетіп, екі ойында ғана Чжан Шуай басым түскен еді. Алайда бұл жолы қытайлық теннисші сәттірек ойнап, келесі кезеңге жолдама алды.

Осы жеңістің арқасында Чжан Шуай турнирдің екінші айналымына шығып, енді латвиялық теннисші Елена Остапенкомен кездеседі.

Айта кетейік, Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 7,4 миллион АҚШ долларынан асады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!